Мектебіміздің білікті ұстаздары: педагог-зерттеуші Касенова Самға Бекенқызы мен педагог-сарапшы Қраубаева Сайра Қадировна18-19 сәуір аралығында Нұр-Сұлтан қаласында өткен «Қазақ тілін креативті оқыту тәсілдері» аттыреспубликалық сайысында 200-ден астам жіберілген бейнесабақтардың ішінде топ жарып, үздік 35 бейнесабақ қатарына еніп, екінші айналым, эссе жазу турына қатысып келді. Нәтижесінде, Касенова Самға Бекенқызы «Үздіктер қатарына енгендігі туралы» сертификат және Ахмет Байтұрсынұлы номинациясы мен ақшалай сыйлыққа ие болды. Ал, Қраубаева Сайра Қадировна да «Үздіктер қатарына енгендігі туралы» сертификат және «Үздік әдіскер» номинациясы мен ақшалай сыйлыққа ие болды. Қос ұстаз да Өскемен қаласының мәртебесін асқақтатып, №24 орта мектебіміздің беделін республикалық деңгейде көтеріп қайтты. Еңбектеріне жеміс тілейміз!