«Полиглот» олимпиадасын
2018 жылдың ақпан айының 3-і күні Өскемен қаласындағы Қазақстан –Американдық еркін университеті және қалалық білім беру бөлімі бірлесе отырып, дәстүрлі «Полиглот» олимпиадасын өткізді. Бұл олимпиадаға №24 орта мектебіміздің намысын қорғауға 8-сынып оқушыларыМязова Аделина, Жунусханова Жансая, Тахирқызы Жәмила қатысты. 2-турдан туратын қалалық олимпиадаға қаламыздың барлық мектебінен үштілді жетік меңгерген екі жүзге жуық дарынды оқушы барған екен. Аталған қызулы сайыста өзінің қазақ тілі, орыс тілі және ағылшын тілінен алған терең білімімен суырылып алға шығып, жүлделі I-орынды жеңіп алған Тахирқызы Жәмиланы және 2-турдан сүрінбей өтіп сертификатка ие болған Мязова Аделинаны, Жунусханова Жансаяны жеңістерімен құттықтаймыз!!! Біз сендерді мақтан тұтатамыз!!! Осындай шәкірттеріне жүйелі білім берген мұғалімдері: қазақ тілінен: Сактаева Г.А., Қраубаева С.Қ., орыс тілінен: Нечаева Н.Н. ағылшын тілінен: Нугуманаова Г.А., Садықова А.Р. Құрметті ұстаздар, сіздерге алғысымыз шексіз!